Напишите нам в Телеграм!

Фрилансерлер-мен заңды түрде, қарапайым және жылдам жұмыс жасаңыз

Тіркелу

Заңды тұлғалардың фрилансерлермен жұмыс істеуге арналған платформа

Quick Work сіздің компанияңызға штаттан тыс қызметкерлере арналған шығындарды азайтуға көмектеседі

  • Жалақы қорын оңтайландыру

    Типті жұмысты фриланспен қамту жалақы шығындарын 10%-дан астамға азайтады.

  • Уақытты қысқарту

    Платформа арқылы сіздің сыртқы штатыңызбен жұмыс істеу әр бухгалтерге айына 20 сағатқа дейін уақыт үнемдейді

  • ЭҚА ыңғайлылығы

    Платформадағы электрондық құжат айналымы АҚС және ЖК мен жұмысты барынша ыңғайлы және жылдам етеді

Quick Work фрилансерлермен жұмыс істегенде күнделікті тапсырмаларды орындайды

Қарапайым және түсінікті жеке кабинет

Бизнес платформаны
пайдалануды қалай бастай алады?

  • Өтініш қалдырыңыз

  • Платформаға қосылу туралы мәлімдемеге қол қойыңыз

  • Біз сізге 24 сағат ішінде жеке кабинет жасаймыз

  • Тапсырмаларды жасауды бастап, оларды орындаушыларға жіберіңіз

  • Тапсырмаларды жүктеп, бірден ондаған орындаушы үшін құжаттарды жасаңыз

Бұл қалай жұмыс істейді

Платформаға қосылу

Нысанды толтырғаннан кейін біз сізбен байланысамыз. Біздің мамандар сіздің сұрақтарыңызға жауап беріп, платформаға тіркелуге көмектеседі

    Сұрақтар мен жауаптар

    Қызметке қалай қосылуға болады? Бұл қанша уақытты алады?

    Quick Work қызметіне шамамен 30 минут ішінде қосылуға болады. Ол үшін тек офертаға қосылу туралы өтінішке қол қою жеткілікті.

    Ол үшін жаңа есеп айырысу шотын ашу қажет пе?

    Жоқ, қосымша есеп айырысу шотын ашудың қажеті жоқ. Платформада автоматты түрде виртуалды шот ашылады. Сіз сол шотқа қаражат енгізіп, барлық аударымдарды сол арқылы жүзеге асырасыз.

    Жеке кабинетпен жұмыс істеу бойынша нұсқаулық бар ма?

    Иә. Сайттың төменгі бөлігінде (футерде) компаниялар мен орындаушыларға арналған нұсқаулық орналастырылған.
    Тапсырыс беруші немесе орындаушы ретінде жұмысты қалай бастау керектігі туралы толық ақпаратты біздің блогтан оқи аласыз.

    Quick Work үшін қосымша бағдарламаларды орнату қажет пе?

    Жоқ. Платформаны толыққанды пайдалану үшін quickwork.kz сайтындағы Жеке кабинетті қолдану жеткілікті.

    Фрилансерлерді Quick Work платформасына қалай шақыруға болады?

    Жеке кабинеттегі арнайы бөлімде платформаға шақыру сілтемесін жасай аласыз. Осы сілтемені орындаушымен бөліскеннен кейін, оған шақыру SMS хабарлама арқылы жіберіледі.

    Quick Work-тен 1С жүйесіне деректерді көшіру үшін не істеу керек?

    1С-пен интеграция жасау үшін Quick Work менеджері сұраныс бойынша арнайы жүктеу файлдарын дайындап береді.

    Сондай-ақ, деректерді 1С жүйесіне импорттауды дайын 1С кеңейтімі арқылы ұйымдастыруға болады. Бұл кеңейтім 1С жүйесіне өте жылдам, шамамен 15–20 минут ішінде орнатылады.

    Quick Work функционалын қолданыстағы жүйеге біріктіруге бола ма?

    Иә. Quick Work платформасын клиенттің қолданыстағы жүйесімен API арқылы интеграциялау мүмкіндігі бар.

    Жеке кабинетке өзімнің келісімшарт нұсқамды жүктеуге бола ма?

    Иә, болады. Платформада дайын үлгілік келісімшарттармен қатар, фрилансерлермен жұмыс істеу үшін өзіңіздің келісімшарт нұсқаңызды да жүктеу мүмкіндігі қарастырылған.

    Келісімшартты жүктеу үшін техникалық қолдау қызметіне хабарласу қажет.

    Орындаушымен құжаттарға, атап айтқанда Орындалған жұмыстар актісіне (АВР) қол қою міндетті ме?

    Иә, міндетті. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бастапқы құжаттарға қол қою міндетті, әсіресе 4% мөлшерлемесі бойынша арнайы салық режимі (СНР) қолданылған жағдайда.

    Жабушы құжаттар ретінде қандай құжаттар ұсынылады?

    Әрбір орындаушымен компания электрондық түрде келісімшартқа және жалпы белгіленген үлгідегі орындалған жұмыстар актісіне (АВР) қол қояды. Бұл құжаттар платформада сақталады және орындалған жұмыстардың растамасы болып табылады.

    Quick Work қызметтерінің құны Quick Work ұсынатын актімен расталады. Актімен бірге жүргізілген операциялар туралы есеп те беріледі.

    СНР 4% арнайы салық режимін қолдану арқылы персонал шығындарын қалай азайтуға болады?

    Қызметтің кейбір түрлері бойынша, егер орындаушы ретінде СНР 4% арнайы салық режимін қолданатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаларды тартсаңыз, персонал шығындарын азайтуға болады.

    Жалпыға бірдей белгіленген салық режиміндегі (ОУР) компаниялар өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға төленген соманы шығындарға жатқыза ала ма?

    Иә. Жалпыға бірдей белгіленген салық режиміндегі (ОУР) компаниялар өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаларға төленген соманы салықты есептеу кезінде шығындарға жатқызып, салықтық шегерім ретінде есепке ала алады.

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің осы мәселеге қатысты ресми түсіндірмесін бізден сұрата аласыз.

    Қызмет қанша тұрады?

    Платформаның комиссиясы әрбір төлемнен 4%, сондай-ақ әр орындаушы үшін ай сайын 3000 теңгені құрайды. Аударымдар көлемі артқан жағдайда жеңілдіктер қарастырылған.

    Штаттағы қызметкерлермен жұмыс істегенде қандай салықтар төленеді?

    Жалпыға бірдей белгіленген салық режиміндегі (ОУР) ЖШС келесі салықтар мен міндетті төлемдерді төлейді. Жалпы салық жүктемесі шамамен 30% құрайды.

    Әрбір жалдамалы қызметкер мен басшы үшін ай сайын:

    Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ОПВР) – жалақының 2,5% (2 125 ₸-ден 106 250 ₸-ге дейін).
    Әлеуметтік аударымдар (СО) – жалақының 5% (4 250 ₸-ден 29 750 ₸-ге дейін).
    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары (ВОСМС) – жалақының 2%, ең көбі 17 000 ₸.
    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары (ООСМС) – жалақының 3%, ең көбі 25 500 ₸.
    Жеке табыс салығы (ЖТС / ИПН) – 10% × (жалақы – ОПВ – ВОСМС – 14 АЕК мөлшеріндегі стандартты салықтық шегерім).
    Әлеуметтік салық (СН) – (қызметкердің табысы – ОПВ – ВОСМС) × 11% – СО. Бұл ретте есептелетін табыс 14 АЕК-тен кем болмауы тиіс.

    Салықтарды төлеу мерзімі:
    Қызметкерлер үшін де, компанияның өзі үшін де барлық міндетті төлемдер әр айдың 25-іне дейін төленуі тиіс.

    Компания табысынан төленетін салықтар:

    Корпоративтік табыс салығы (КТС / КПН) – жыл қорытындысы бойынша келесі жылдың 31 наурызына дейін төленеді.
    Қызмет түріне байланысты басқа да салықтар (мысалы, көлік, мүлік, жер салығы және т.б.).

    Назар аударыңыз: егер компанияның жылдық табысы 20 000 АЕК-тен асса, ҚҚС (НДС) бойынша есепке тұру міндетті болады және ҚҚС тоқсан сайын төленеді.

    Төлем қалай жүзеге асырылады?

    Сіз платформадағы виртуалды шотыңызды фрилансермен жасалған келісімшартта көрсетілген сомаға толықтырасыз. Сома жеке кабинетте көрінгеннен кейін, «Төлеу» батырмасын басасыз. Осыдан кейін төлем белгіленген толтыру стандарттарына сәйкес автоматты түрде өңделіп, фрилансердің банктік шотына аударылады.

    Азаматтық-құқықтық шарт (ГПХ) бойынша фрилансермен жұмыс істегенде қандай салықтар төленеді?

    2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ГПХ шарты бойынша жұмыс істеген кезде келесі міндетті төлемдер төленеді:

    Міндетті зейнетақы жарналары (ОПВ) – 10%;
    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары (ВОСМС) – 2%;
    Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы (ЖТС / ИПН) – Қазақстан Республикасының резиденттері үшін 10%;
    Әлеуметтік аударымдар (СО) – 5%.

    Осылайша, жалпы салықтық жүктеме 27% құрайды.

    Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған 4% арнайы салық режимі (СНР 4%) қызметтің қандай түрлеріне қолданылады?

    Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған 4% арнайы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 қарашадағы №994 қаулысымен бекітілген.

    Жеке тұлғаның өзін-өзі жұмыспен қамтыған мәртебесін қалай тексеруге болады?

    Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаның мәртебесін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) ресми сайтынан тексеруге болады.

    e-Salyq қосымшасында өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға ретінде қалай тіркелуге болады?

    Тіркелу үшін арнайы нұсқаулықты пайдаланыңыз. Онда тіркелу қадамдары толық көрсетілген.

    QuickWork қосымшасы арқылы жұмыс істегенде орындаушыға салық декларациясын, басқа да есептерді тапсыру немесе чек беру қажет пе?

    Жоқ, қажет емес. Төлем жүргізілген кезде QuickWork салық агенті ретінде орындаушының табысын декларациялайды, салықтарды төлеуге қажетті қаражатты резервке қояды және келесі айдың басында салықтарды заңнамаға сәйкес төлейді.

    QuickWork платформасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) ақпараттық жүйелерімен толық интеграцияланған. Орындаушы eSalyq Business қосымшасы арқылы салықтардың төлену мәртебесін бақылап отыра алады.

    QuickWork платформасында жұмыс бастамас бұрын өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға ретінде тіркелу қажет пе?

    Жоқ, қажет емес. Алғашқы төлем жүргізілген кезде платформа чекті қалыптастыру үшін қажетті деректерді автоматты түрде жібереді. Чек рәсімделгеннен кейін, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға мәртебесі автоматты түрде белсендіріледі және ағымдағы күнтізбелік айдың соңына дейін жарамды болады.

    Келесі айда алғашқы чек рәсімделген кезде бұл мәртебе қайтадан автоматты түрде жаңартылып отырады.

    Қазақстанда фрилансер ретінде ресми жұмыс істеуге қалай болады?

    Қазақстанда өз бетінше немесе ұйымның штатынан тыс жұмыс істеудің бірнеше тәсілі бар:

    Азаматтық-құқықтық сипаттағы шартты (ГПХ) жасасу;
    Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға мәртебесін рәсімдеу.

    Төлем қаншалықты жылдам жүзеге асады?

    Аударымдар нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады.

    Орындаушыға төлем қалай аударылады?

    Орындаушы мобильді қосымшада тіркеліп, өзінің банк шотының төлем деректемелерін көрсетеді. Орындалған жұмыс актісіне қол қойылғаннан кейін, компания сыйақыны көрсетілген банк шотына аударады.

    Орындаушымен құжат айналымы қалай жүзеге асады? Қандай құжаттарға қол қойылады?

    Тапсырыс беруші компания Жеке кабинетте нақты орындаушыға арналған тапсырманы жүктейді. Осы тапсырма негізінде жүйе автоматты түрде шартты қалыптастырады, оған екі тарап та электрондық қолтаңба арқылы қол қояды.

    Тапсырма орындалғаннан кейін дәл осындай тәртіппен орындалған жұмыстар актісіне (АВР) қол қойылады. Осыдан кейін орындаушыға сыйақы төленеді, ал салықтар мен міндетті аударымдар автоматты түрде есептеліп, төленеді.

    Салықтардың төленгенін растайтын түбіртектер Жеке кабинетке автоматты түрде жүктеледі.

    Қандай компаниялар сервисті пайдалана алады?

    Сервисті тек Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын компаниялар пайдалана алады.

    Quick Work арқылы қандай орындаушылармен жұмыс істеуге болады?

    Платформа жеке кәсіпкерлермен (ИП), азаматтық-құқықтық шарт (ГПХ) бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалармен және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

    ГПХ шарты бойынша фрилансерлермен жұмыс істеуде қандай тәуекелдер бар?

    Егер шарт дұрыс рәсімделмесе, оны еңбек шарты ретінде қайта саралау қаупі бар. Мысалы, шартқа қателікпен еңбек заңнамасына сілтеме жасайтын тармақтар енгізілсе немесе ГПХ шарты үшін міндетті талаптар көрсетілмесе, мұндай шарт азаматтық-құқықтық шарт ретінде танылмауы мүмкін.

    Мұндай жағдайда тапсырыс берушіге қосымша салықтар мен міндетті аударымдар есептелуі, өсімпұлдар мен айыппұлдар салынуы мүмкін.

    Quick Work тәуекелдерді қалай азайтады?

    Quick Work платформасында заң талаптарына толық сәйкес дайындалған ГПХ шарттарының және орындалған жұмыстар актілерінің (АВР) үлгілері қолданылады.
    Осындай құжаттарға қол қою арқылы бизнес те, фрилансер де өзара қарым-қатынастың азаматтық заңнама аясында рәсімделгеніне сенімді бола алады.
    Соның нәтижесінде салық органдарының мәміленің заңдылығына күмән келтіруіне негіз болмайды.