Quick Work: қосымша жұмыс іздеу қосымшасы
Тапсырыстарды таңдап, келісім-шарттарға қол қойып, төлем алыңыз. Біз сіз үшін салық төлейміз
Бұл қалай жұмыс істейді
-
01
-
02
-
03
Фрилансер болу оңай
қалай жұмыс істейді?
Quick Work төлем кепілдігімен клиенттермен мәміле жасауға көмектеседі
-
01Келісім-шартЗаңды мәні бар келісім-шарт қосымшада автоматты түрде құрастырылады
-
02ТөлемТапсырманы орындағаннан кейін төлем тапсырыс берушінің шотынан жіберілетініне кепілдік беріледі
-
03ҚолтаңбаБарлық шарттар мен актілерге онлайн қол қоюға болады
-
04Мәміле«Қауіпсіз транзакция» түймесін басқаннан кейін, егер тапсырыс берушінің шотында келісім-шарт бойынша төлеуге қажетті сома болмаса, тапсырыс беруші шартқа қол қоя алмайды
Қазір
байқап көріңіз
-
Қосымшаны жүктеңіз
-
Ақша табуды бастаңызТалаптарға сай ұсыныстарды таңдап, ақша табыңыз. Қалғанын Quck Work шешеді
-
Іске кірісіңіз!Өзіңізге ұнайтын іспен айналысыңыз, қалғанын біз қамтамасыз етеміз
Сұрақтар мен жауаптар
Төлем қаншалықты жылдам жүзеге асырылады?
Төлемдер нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады.
Орындаушыға төлем қалай аударылады?
Орындаушы мобильді қосымшаға тіркеліп, өзінің банктік шотының төлем деректемелерін енгізеді. Орындалған жұмыстар актісіне қол қойылғаннан кейін, компания сыйақыны көрсетілген банктік реквизиттер бойынша орындаушының шотына аударады.
Quick Work платформасымен жұмыс істеу үшін қосымша бағдарламаларды орнату қажет пе?
Жоқ, қажет емес. Платформаны толыққанды пайдалану үшін quickwork.kz сайтындағы жеке кабинетке кіру жеткілікті.
Сервиске қалай қосылуға болады? Бұл қанша уақыт алады?
QuickWork сервисіне 30 минут ішінде қосылуға болады. Ол үшін мобильді қосымшаны жүктеп алып, орнатып, қарапайым тіркеуден өту қажет. Тіркеу кезінде жеке мәліметтеріңізді, ЖСН-іңізді және төлем реквизиттеріңізді көрсетуіңіз керек.
Мобильді қосымшаны баптау бойынша нұсқаулық бар ма?
Иә, бар. Орындаушыларға арналған нұсқаулық сайттың төменгі бөлігінде (футерде) орналастырылған.
Платформа салықтарды төлей ме?
Иә. Quick Work сіздің тапсырмаңыз бойынша ГПХ шарты аясындағы мәмілеге қатысты тиісті салықтар мен міндетті жарналарды автоматты түрде төлей алады. Бұл үшін сізден қосымша әрекеттер талап етілмейді.
Ал СНР 4% арнайы салық режиміндегі орындаушылармен есеп айырысу кезінде Quick Work салық агенті ретінде әрекет етіп, заңнамаға сәйкес салықтарды міндетті түрде төлейді.
Орындаушы СНР 4% арнайы салық режиміне қалай өте алады?
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға ретінде тіркелу үшін eSalyq Business мобильді қосымшасында тіркеуден өту қажет.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған 4% арнайы салық режимін (СНР 4%) қолдану шарттары қандай?
Бұл режимді жеке кәсіпкер (ИП) мәртебесі жоқ, жалдамалы қызметкерлері жоқ жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары және қандастар) қолдана алады.
Қолдану шарттары:
ай сайынғы табысы 300 АЕК-тен аспауы тиіс;
қызметі рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізіміне сәйкес болуы қажет.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға салықтарының төленгенін қалай тексере алады?
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға салықтардың төлену мәртебесін e-Salyq мобильді қосымшасы арқылы немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) сайтындағы салық берешегін тексеру сервисі арқылы тексере алады.
Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға қандай салықтар төлейді?
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға өз табысынан келесі міндетті төлемдерді төлейді:
Міндетті зейнетақы жарналары (ОПВ) – 1%;
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ОПВР) – 1%;
Әлеуметтік аударымдар (СО) – 1%;
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар (ООСМС) – 1%.
Төлеу мерзімі: есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 25-іне дейін.
Егер төлем мерзімі кешіктірілсе, әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі.
Егер белгілі бір айда табыс болмаса, онда міндетті төлемдерді төлеудің қажеті жоқ.
ГПХ шарты бойынша жұмыс істейтін фрилансер қандай салықтар төлейді?
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ГПХ шарты бойынша жұмыс істейтін фрилансер үшін келесі міндетті төлемдер қарастырылған:
Міндетті зейнетақы жарналары (ОПВ) – 10%;
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары (ВОСМС) – 2%;
Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы (ЖТС / ИПН) – Қазақстан Республикасының резиденттері үшін 10%;
Әлеуметтік аударымдар (СО) – 5%.
Осылайша, жалпы салықтық жүктеме 27% құрайды.
Жеңілдетілген салық режиміндегі (упрощенка) ЖК ретінде жұмыс істейтін фрилансер қандай салықтар төлейді?
Жеңілдетілген салық режиміндегі жеке кәсіпкер (ЖК) келесі салықтар мен міндетті төлемдерді төлейді:
Міндетті зейнетақы жарналары (ОПВ) – өз пайдасына табыстың 10%, бірақ ең кемі 1 ең төменгі жалақы (ЕТЖ) – 60 000 теңге, және ең көбі 50 ЕТЖ – 3 000 000 теңге мөлшерінде.
Әлеуметтік аударымдар (СО) – табыстың 3,5%, бірақ ең кемі 1 ЕТЖ (60 000 теңге) және ең көбі 7 ЕТЖ (420 000 теңге) шегінде.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары (ВОСМС) – 1,4 ЕТЖ-ның 5% (4 200 теңге).
Жеке табыс салығы (ЖТС / ИПН) – 1,5%, жарты жылда бір рет төленеді.
Әлеуметтік салық – 1,5%, жарты жылда бір рет төленеді.
Фрилансер төлемнің кепілдігін қалай қамтамасыз ете алады?
Ең алдымен, тапсырыс беруші мен фрилансер арасында келісімшарт жасалуы қажет. Тапсырыс беруші төлем жасаудан бас тартқан жағдайда, қол қойылған келісімшарт фрилансерге өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуге мүмкіндік береді.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған 4% арнайы салық режимін (СНР 4%) қолдану қандай құқықтық құжатпен реттеледі?
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған 4% арнайы салық режимін қолдану Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 718–721-баптарымен реттеледі. Бұл баптарда режимді қолдану шарттары, төлемдерді есептеу және төлеу тәртібі, сондай-ақ басқа да талаптар белгіленген.



